Ақтау тұрғындарын бүрге талап жатыр

Маусым 24, 2024 - 10:41
Маусым 24, 2024 - 10:44
Ақтау тұрғындарын бүрге талап жатыр

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде бүрге қаптап кетті. Бүкіл пәтерді жайлап алған зиянкестер тұрғындарды тынышынан айырды. Бүргелер ересектерді де, балаларды да шағып, денесінің сау жерін қалдырмаған, деп хабалады Astana.tv арнасы. 

Тұрғындардың бірі екі жастағы немересінің аяғын бүрге шаққаннан қасып тастағанын айтады. Оны дерматологқа апарғанда маман мұны бүрге шаққанның салдары деп анық айтқан. Тұрғынның айтуынша, кейінгі үш жылда үнемі бүрге қаптайды. Олар алдын алу шаралары жүргізілмейді деп ашынды.

“Бүрге шаққаннан. Мамыр, маусым, шілде айлары ылғи осылай өтеді. Маусым аяқталып қалды, ал бізде әлі дизинфекция жүргізілген жоқ”, – дейді Айшат Абдурахманова.

Тұрғындар пәтер иелерінің кооперативіне сұраныс жіберіп жүргелі үш жыл болған.

“Жыл сайын маусым айында осы мәселеге тап боламыз. Бүргелер қаптайды. Үйге кіру мүмкін емес. Бүргелер үстімізге жабысады, 1-қабаттан бастап, 4-5-қабаттағы үйімізге дейін кіреді. Күрескенімізбен, нәтиже жоқ. Яғни, дезинфекция жасау үшін пәтер иелерінің тұтыну кооперативіне тапсырыс береміз. Биыл да өтініш бердік, бірақ әлі жасамады”, – дейді тұрғындардың бірі.

Зиянкестермен күрес жұмыстарын жүргізетін жергілікті компания жүйелі түрде дизинфекция жасалып жүргенін айтты. Тұрғын үйге қызмет көрсететін коммуналдық мекеменің мәлімдеуінше, өтініш түскен сайын залалсыздандыру жүргізіліп жатыр. Мысалы, маусым айында 8 үйге дизинфекция жүргізілген.

“Бүрге мәселесі жыл сайын көтеріледі. Бұған көндігуден бұрын, мүның факт екенін қабылдау керек. Дизинфекциямен айналысатын көп компаниялардың жұмысы тиімді бола бермейді. Біз басқа жолдарын қарастырып жатырмыз. Бар айтарым, біздің тұрғын үйдің басшылығы барынша тырысып жатыр”, – дейді “Актау Рауан LTD” пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің диспетчері Салима Менгисиева.

Сондай-ақ ол тұрғын үйдің жертөле мен кіреберістердің бәрі дизинфекцияланатынын айтып, уәде берді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow