«Global Gateway» форумы: ЕО мен Қазақстан ынтымақтастық орнатты

Қазан 26, 2023 - 16:23
«Global Gateway» форумы: ЕО мен Қазақстан ынтымақтастық орнатты

Брюссель қаласында өткен «Global Gateway» форумы аясында Қазақстан мен Еуропа Одағы шикізат ресурстары мәселесінде ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, халықаралық форумға вице-министі Иран Шарханұлы мен «Ұлттық геологиялық қызмет» төрағасы Ерлан Ғалиев   қатысып, шетелдік әріптестерімен өзекті тақырыптарды талқылаған.

Форум барысында Global Gateway бағдарламасы аясында іске қосылған алғашқы 89 флагмандық жобаны жүзеге асыру басталды.

 «Аталған форум аясында «сирек кездесетін металдарды дамыту» тақырыбына арналған сессия маңызды мәселелердің бірі болды. Сессия барысында еуропалық әріптестерімізге шикізат ресурсына қатысты Қазақстан әлеуетін таныстырдық.  Кездесулерде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында шикізат ресурстары, логистика саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды»,-деді вице-министр Иран Шарханұлы.

Айта кетейік, «Global Gateway» форумы ЕО және серіктес елдерден 40-тан астам жоғары лауазымды үкімет өкілдері, қаржы институттары, соның ішінде Еуропалық инвестициялық банк және Еуропалық қайта құру және даму банкі, жеке сектордың, азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосқан жиын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow