Қазақстан мен Ресей дос болуға жаралған елдер - Дәурен Абаев
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Дәурен Абаев Мәскеуде өткен салтанатты шарада сөз сөйледі, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
“Мен үшін Ресейде елші болу - үлкен мәртебе. Белгілі бір саясаткер айтқандай, Ресей дегеніміз - континент, Ресей - бұл цивилизация. Ал, Қазақстан үшін Ресей тек көрші ел емес, одақтас және стратегиялық әріптес ел”,- деген елші екі елдің достығы туралы сөз қозғады.
Абаевтың пайымынша, Қазақстан мен Ресей достық үшін жаралған елдер.
“Қазақстан мен Ресей дос болуға міндетті емес, олар дос болуға жаралған”,-деді елші Қазақстанның Республика күніне орай өткен салтанатты шарада.
Сіздің реакцияңыз қандай?