«Келесі аптада жүздесеміз»: Жәнібек анасын көрсетті (ВИДЕО)

Жәнібек қуанышты жаңалығын желіде хабарлады.

Сәуір 5, 2024 - 09:11
Сәуір 5, 2024 - 09:33
«Келесі аптада жүздесеміз»: Жәнібек анасын көрсетті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Биологиялық анасын іздеген Жәнібек өзін асырап алған бельгиялық анасы Валеримен сөйлесіп, оны Қазақстандағы достарымен байланыстыратынын айтты, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Бұл мені асырап алған анам Валери. Ол маған Испанияға Бельгиядан қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген.

 Сіздердерде көптеген сұрақтың барын сеземін. Пікір алаңына сұрақтарыңызды қойыңыз, Валери оларға жауап бере алады деп ойлаймын.

«Валери неге бала асырап алды? Неліктен Валери баланы Қазақстаннан асырап алғысы келді?» деген сынды сұрақтар сіздерді де толғандыратын болар?..»,- деп жазды Жәнібек.

"Валери, қайырлы күн! Жүздеспегелі көп болды. Қазақ еліндегі достарымның сізге біраз сұрағы бар. Өзіңізді көрсек дейді. Келесі аптада сұрақ / жауап ұйымдастырсақ бола ма?", – деді ол Валериге.

"Жарайды, сенің достарың маған сұрағын қоя алады. Қарсы емеспін!" – деп жауап берді анасы.

"Керемет, Қазақ елі сізбен танысады. Келесі аптада жүздесеміз", – деп сөзін аяқтады Жәнібек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow