Германияда жоғалған Қазақстан азаматының денесі табылды
Жексенбі күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған.
Оның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Айгүл Сайлыбаеваның денесі өткен жексенбі күні Бенсхайм қаласының шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған.
"Мәйіт пластикалық қапта болды, әйел қайтыс болғанға дейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші бұл істе жұмыс істеп жатыр. Әйелдің үйінде тінту жүргізілді", - деп жазған Bild басылымы.
Бұған дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Айгүл Сайлыбаеваның Германияда із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген.
Айгүлдің бауырының айтуынша, оны күйеуі мен енесі ұрып-соғып келген.
Сайлыбаевамен оның қайын енесі Наталья Донцованың та жоғалып кеткені белгілі болып отыр. Ол 4 маусым күні немересін балабақшадан алып, үйіне әкелгені. Содан бері оны ешкім көрмеген. Бүгінде Донцоваға да іздеу жарияланған.
Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматының өлімін ҚР Сыртқы істер министрлігі растады.
Министрлік марқұмның туыстары Германияда екенін және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
“Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды,”- деп жазды СІМ баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?