Димаштың ата-анасы Олимпиада жүлдегерлерінің иығына құндыз тон жауып, ат мінгізді

Өзіңе шап-шақ екен.

Тамыз 14, 2024 - 12:19
Тамыз 14, 2024 - 12:47
Димаштың ата-анасы Олимпиада жүлдегерлерінің иығына құндыз тон жауып, ат мінгізді
Фото: видеодан кадр

Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақ боксшысы Нұрбек Оралбайға Димаш Құдайбергеннің ата-анасы құрмет көрсетті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

TikTok әлеуметтік желісінде әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар жуырда ғана Париж Олимпиадасында бокстан күміс медаль жеңіп келген Нұрбек Оралбайға құндыз тонды сыйға тартқан видео тарады.

"Мына құндыз тон арнайы саған атаң жасатып алды. Өзіңе шап-шақ екен. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсеткені үшін оған да бір ат мінгіземіз", - деді Қанат Айтбаев.

@oralbai.nurbek #oralbai_nurbek_ #oralbekovich ♬ оригинальный звук - Oralbai_Nurbek

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow