Жамбылда комаға түскен сарбаз: Тоқаев кінәлілерді жазалауды тапсырды
Анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты.
Жамбыл облысы Қордай ауданында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның 9 маусымда болғанын мәлім етті. Осы орайда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталмыш оқиғадан хабардар екенін мәлімдеді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Президент комаға түскен сарбаздың ісіне кінәлі адамдарды жазалауды талап еткенін жазды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", деп жазды Берік Уәли.
Сіздің реакцияңыз қандай?