G7 елдері Ресейге бұдан да қатаң санкциялар салуға уәде берді
«Үлкен жетілік» елдері Украинадағы соғыс үшін Ресейге бұдан да қатаң санкциялар салуға уәде берді, - деп хабарлайды Orda.kz «Америка дауысына» сілтеме жасап.
«Жетілік» тобының (G7) жетекші демократиялық елдер көшбасшылары сенбі күні Украинаға басып кіруіне байланысты Ресейге қатаң санкциялар, экспорттық бақылау және басқа да шара қолдануды жалғастыруға, Киевті қажетінше қолдауға уәде берді.
«Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысының мыңыншы күні қарсаңында» сенбі күні қабылданған бірлескен мәлімдемеде «Ресей әділ әрі ұзақ бейбітшілік жолындағы бірден-бір кедергі» делінген.
2024 жылы G7-ге Италия төрағалық етеді, оған АҚШ, Канада, Жапония, Франция, Германия және Ұлыбритания кіреді.
«G7 Ресейге қатаң санкциялар, экспорттық бақылау және басқа да тиімді шаралар қолдануға бейілділігін растайды. Біз Украинамен біртұтаспыз» делінген хабарламада.
Атап өтілгендей, биыл «Үлкен жетілік» елдері Украинаға Ресейдің шетелдік активтерінен түсетін кіріс кепілімен шамамен 50 миллиард доллар көлемінде несие беруге келісті. Украина бұл ақшаны елдің экономикасын қолдауға, қорғаныс пен қайта құруға жұмсауды жоспарлап отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?