Футбол: Еуро-2024 жеңімпазы – Испания

Ойынның 73-минутында англиялық Коул Палмер таразы басын теңестірсе, 86-минутта испаниялық Микель Оярсабаль жеңіс голын соқты.

Шілде 15, 2024 - 09:13
Шілде 15, 2024 - 09:14
Футбол: Еуро-2024 жеңімпазы – Испания
Фото: football.by

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 14 шілдеде финалда Испания мен Англия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

Кездесу барысында алғашқы минуттарда испаниялық футболшылар белсенділігімен көзге түсті.

Қос қанаттан шабуыл жасап, гол соғуға жақын болды. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезең басталған сәтте испаниялық футболшылар есеп ашып кетті.

Небәрі 17 жасар Ламин Ямаль әріптесі Нико Уильямске нәтижелі пас шығарып берді.

Соңғысы  қақпаны дәл көздеп, өз құрамасын алға шығарды. 

Ламин Ямаль құрлықтық додада өзін осылайша жақсы қырынан таныта білді. Әріптестері төрт мәрте нәтижелі пас шығарса, екі голдың авторы атанды.

Англиялық футболшылар да таразы басын теңестіруге ұмтылды. Оған испаниялық қорғаушылар лайықты тосқауыл қоя білді.

Есесіне ағылшын құрамасы өз қақпасына гол жіберіп ала жаздады. Бұл сәттерде қақпашы Джордан Пикфорд сенімді ойын көрсете білді.

Ойынның 73-минутында англиялық Коул Палмер таразы басын теңестірсе, 86-минутта испаниялық Микель Оярсабаль жеңіс голын соқты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow