«Әке еңбегі», «ана сүті» мәһрге жатпайды»: Діни басқарма мәһр дауына нүкте қойды

Қараша 18, 2024 - 16:21
Қараша 18, 2024 - 16:38
«Әке еңбегі», «ана сүті» мәһрге жатпайды»: Діни басқарма мәһр дауына нүкте қойды
Фото: rustammullagaliev.ru

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққан қызға берілетін қалың мал мен мәһірді біріктірді. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Дегенмен, оның айтуынша, «әке еңбегі», «ана сүті» сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһрге саналмайды.

«Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал. Фиқһ кітаптарында ұзатылып жатқан қызға жиһаз әперу үшін күйеу жігіт тарапынан берілетін мал-мүлікті «дустиман» деп атайды», - деген ол қалың малды шариғатындағы мәһір деп есептеуге қатысты ғалымдардың бірнеше көзқарасы бар екенін жазған.

Ғұламалардың көзқарастарын тізген Ағабек Қонарбайұлы осы мәселеге қатысты мүфтияттың шешімін жария етті.

«Шешім: күйеуі тарапынан берілетін қалың малды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. «Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow