Астанада Назарбаев мектебінде оқитын оқушы қызды пышақтап кетті

Мамыр 26, 2024 - 15:05
Мамыр 26, 2024 - 19:13
Астанада Назарбаев мектебінде оқитын оқушы қызды пышақтап кетті

Астанада Назарбаев мектебінде оқитын оқушы қызды пышақтап кетті деген ақпарат тарады. Күдікті ретінде кәмелетке толмаған бозбала ұсталған, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы 18 жастағы қыз баланы өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп жауап берді Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзге ақпаратты департамент заң тәртібіне сүйеніп, жария етпеді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow