«Ешқандай дәлел жоқ»: Бишімбаев сотта кінәсін тағы да мойындамады
Қуандық Бишімбаев сот процесінде өзіне тағылған айыпты мойындамады, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Осы уақытқа дейін өз нұсқамды айтатын мүмкіндігім болмады. Прокурор айтқанның көбі ойдан шығарылған, ешқандай дәлел жоқ. Қылмыстық кодекстің 109-бабы бойынша – менің тарапымнан мұндай қылмыстық әрекет ешқашан жасалған емес, айыпты толық мойындамаймын», - деді Бишімбаев сот отырысында.
Судья Айжан Құлбаева қылмыстық кодекстің 99-бабы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша сотталушының ұстанымын сұрады.
«Бұл бап бойынша да дәл сондай пікірдемін. Адамды аса қатыгездікпен әдейі өлтірген жоқпын», – деді сотталушы Бишімбаев.
Айта кетейік, Астанада Бишімбаев ісі бойынша басты сот талқылауы басталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?