Қарағанды облысында жолаушылар пойызы вагондарының бірі рельстен шығып кетті
Кеше, 24 сәуірде Қарағанды облысында жолаушылар пойызының техникалық вагоны рельстен шығып кетті. Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға туралы ақпарат Instagram-дағы railway_1520 парақшасында пайда болды. 24 сәуірде Қарағанды облысында Ағадыр мен Айса стансаларының арасында жолаушылар пойызы вагоны рельстен шығып кеткен. Көліктегі полиция департаментінің өкілдері Қарағанды облысында техникалық вагонның рельстен шығып кетуіне қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті.
«Қарағанды-Сортировочная» станциясының желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген хабарламада.
Ведомсто әзірге басқа ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.
Сіздің реакцияңыз қандай?