Ерке мен Райм 10 айлық ұлдарының суретін жариялады

Қазан 31, 2024 - 11:41
Қазан 31, 2024 - 11:45
Ерке мен Райм 10 айлық ұлдарының суретін жариялады

Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram-дағы оқырмандарын кіші ұлы Исламның суретін салып қуантып қойды. 39 жастағы өнер иесі ұйықтап жатқан ұлының суретін Stories-те жариялады, деп жазады Sadaqmedia.kz.

Үйдің бар шаруасын аяқтап, енді ұйықтап жатыр, - деп жазды Ерке.

Бұған дейін Ерке Есмахан күйеуі RaiM екеуі тағы бір ортақ ән жазғанын сүйіншілей хабарлаған. Өнер иесі талантты жан жарымен жұмыс істегеніне қуанышты екенін айтты. Ерке күйеуімен түскен видео жариялап, шығармашылығындағы жаңалығын жария етті. Әртістер «Ойыңды айтшы» әнін көпшілік назарына ұсынған. 

«Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі - бір альбом. Әр альбомы, әр трегі ерекше. Бір әнім хит болды екен деп, соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, ол - RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты», - деп жазды Ерке Есмахан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow