Тойда заманауи әнге билеген кимешектегі әже көптің талқысына түсті

Кезінде биді жақсы билеген апа сияқты ғой.

Маусым 12, 2024 - 11:08
Маусым 12, 2024 - 11:10
Тойда заманауи әнге билеген кимешектегі әже көптің талқысына түсті
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде кимешекпен билеген әженің биі көпшіліктің назарына ілікті. Бірі әженің бұл жүрісіне таңданыс білдірсе, енді бірі жасы келген кісіге жараспайтынын жазды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Видеоны TikTok желісіне r.o.u.z.i атты қолданушы жүктеген. Бейнежазба 60 мыңға жуық лүпіл мен 800-ден аса пікір жинап үлгерген.

"Сен 22-ге келіп шаршап жүрсің" деп жазған автор.

Желі қолданушылары "үлкен кісілерге дұрыс музыка қоймай ма, жүрегі ұстап қалса қайтеді", "кезінде биді жақсы билеген апа сияқты ғой", "бренд сөмкесін айтсайшы", "апа ырғақты сезініп билеп тұр ғой", "өскенде осындай апа боламын", "мына апаны кәрі деуге бола ма", "ойбу, кемпірден ұят болды, жасымыз келмей шаршаймыз", "осы тойға мазақ болмау қою керек қой", "кимешек киіп, мына би не масқара", "апалар билегенде қазақша музыка неге қоймайды" деп жазды.

@r.o.u.z.i

♬ оригинальный звук - ????

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow