«Ең жаманы – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі»: Жанқош Тұраровтың әйелі жазба жариялады
Кәсіпқой блогер Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуінің «қыз зорлады» дегеніне сенбейтінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер бұл туралы жеке парақшасында бөлісті. Ол ер мен әйелдің бір-бірлеріне жиі қоятын сұрақтар қатарын тізіп жазды.
Тағы оқыңыз: «7 жыл бойы қызыңды ойыншық қылса көрер едім»: Белгілі журналист Жанқош Тұраровтың әйелін сынға алды
“8 жылда күніне 1045 рет қоятын сұрақтарыма автоматты түрде жауап айтатын болған. “Жан деп бастасам болды: “Мен сені жақсы көремін, сенен ажыраспаймын, сен өліп қалсаң, басқа ешкімге үйленбеймін” деп айтады. Ең жиі қоятын сұрақтарыңыз қандай? Жігіттеріңізге жіберіп отырыңыздар”, – деп жазды ол.
Алайда, желі қолданушылары Әнару Құрманәлінің айтқанына қатысты сұрақтар қойды. Одан оқырманы “Өмірде ең жаман нәрсе – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі. Сіздей қызды не үшін айырбастаған?” деп сұраған.
“Соған шынымен сеніп тұрмын демеңіз енді. Ең болмаса сөзінің ұйқасын таппай қалдық қой”, – деп жауап берді Клара Иса.
Сіздің реакцияңыз қандай?