«Балағаттап, санынан тепкен»: Есен Елеукен мен белгілі блогер жаға жыртысты

Тамыз 29, 2024 - 16:19
Тамыз 29, 2024 - 16:19
«Балағаттап, санынан тепкен»: Есен Елеукен мен белгілі блогер жаға жыртысты

Әлеуметтік желіде Есен Елеукен мен «Упучук» атымен танылған блогер Әділеттің арасындағы жанжал түсірілген сәттің видеосы тарады. 

Видеодан Есен Елеукеннің блогерге дүрсе қоя бергенін, қара санынан тепкенін көруге болады. Оған блогер де ашуланып, біразға дейін басыла қоймаған, деп жазады turkystan.kz. 

«Астанада өтіп жатқан «МедиаЛига» матчынан кейін SD Family және Jaidarman командаларының арасында жанжал туындады. Екі ақтөбелік: блогер Упучук пен  Jaidarman-ның негізін салушы Есен Елеукен сөзге келіп қалды. Олардың әрекеті турнир қатысушылары мен көрерменнің наразылығын тудырды. Жанжал себебі белгісіз. Бұл оқиға спорттық шараның шырқын бұзды. Халықтың финалға деген қызығушылығын арттырып, қаралымды көбейту үшін, хайп үшін жасалған болуы мүмкін»-делінген видео жазбасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow