Жамбыл облысында танк пен автокөлік соқтығысты (ВИДЕО)

Тамыз 29, 2024 - 17:16
Тамыз 29, 2024 - 18:05
Жамбыл облысында танк пен автокөлік соқтығысты (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Желіде Жамбыл облысында танк автокөлікпен соқтығысып қалғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Telegram-дағы egov.press арнасында жарияланды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Әскери танк Жамбыл облысында ашық далада күтпеген жерден жеңіл автокөлікті қағып кетті. Ішінде жүргізуші болған. Егжей-тегжейлер анықталып жатыр", - деп жазды Telegram-дағы арна.

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады nur.kz.

"2024 жылдың 28 тамызында Гвардейск гарнизоны "Мәтібұлақ" оқу-жаттығу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes маркалы автокөлігі жол жүру ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техника жүретін жерлерде "Танкке жол бер" белгісі қойылған. Жеңіл жарақат алған көлік жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Шағымы жоқ. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow