Еліміздің барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды

Астанада бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Ақпан 9, 2024 - 09:20
Еліміздің барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 9 ақпанда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен ауа райы болжамын жариялады.
Циклонның орталығы Самара үстінде және онымен байланысты атмосфералық фронталь учаскелері Қазақстанның бүкіл аумағына ықпал етеді: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстікте бұрқасын жауын жауады. Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұрқасынмен бірге өте күшті жел болжанады.

Ақмола облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында секундына 30 метр және одан да көп қатты жел соғады деп болжанды, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Астана қаласындағы бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow