Елімізде коммуналдық тариф құны көтеріледі

Орташа алғанда өсім 20-30% болады.

Қаңтар 31, 2024 - 10:04
Елімізде коммуналдық тариф құны көтеріледі
Коллаж: Ulysmedia.kz

 Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде коммуналдық қызмет бағасы тағы да қымбаттайтынын айтып, сүйінші сұрады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты

Министрдің айтуынша, тарифтер өсімі бір жылда 20-30% пайызға дейін қымбаттамақ. 

"Тарифтерді түзету жыл сайын күтіледі, өйткені тарифтік бағдарлама жеті жылға созылған. Егер бізге барлығын шұғыл түрде жаңарту қажет болса, 1-2 жыл ішінде тарифтердің өсуі айтарлықтай, бірнеше есе болар еді", - деді Қуантыров үкіметте өткен брифингте.

Орташа алғанда, кейбір субъектілер мен тұрғын үй кешені түрлері бойынша тарифтердің өсуі 10-15% болады. Бұл орташа есеппен 20-30% құрайды. Су – маңызды ресурс. Біз оны үнемдеуге тырысуымыз керек. Тек инфляцияны ұстап тұру кере

Қуантыровтың айтуынша, жыл ішінде әртүрлі коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі шамамен 10- 15%-ті құрайды. Орташа алғанда өсім 20-30% болады.

Министрдің айтуынша, инфрақұрылымның тозуы барлық түрлерде бар. Тарифті көтеруден түскен ақша инфрақұрылымды жаңартуға жұмсалады дейді министр.

"Инфрақұрылымы тозған, құбырлар, желілер, су құбырлары тозған. Әсіресе кәріз жүйесі тозған, ондағы есепшоттар да аз. Орта есеппен екі бөлмелі пәтердің кәріз ақысы 200 теңге. Оны көбейту керек", — деп түсіндірді Қуантыров.

Ол су бойынша тариф өте төмен екенін айтты.

"Судың бір текше метрі – 44 теңге. Әрине, осыдан кейін су тиімсіз пайдаланылады. Мысалы, сіз моншаға барсаңыз, онда судың текке ағып жатқанын көресіз. Оны өшіру керек. Өкінішке қарай, үнемдеу жоқ. Өте маңызды ресурс болғандықтан, суды үнемдеуіміз керек", - деді Қуантыров.

Бүгінде суға 200-500 теңге төлейміз, деп атап өтті министр

"Сондықтан су тарифін айтарлықтай көтеруге болады. Олай істемесек, үнемдеу болмайды. Биыл тариф өседі", - деді Қуантыров.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow