Алматыда ер адам баспанасын қоқысқа айналдырған

Психологтар «кез келген қажетсіз дүниені айналасына жинау – плюшкин синдромының айқын белгісі» дейді.

Сәуір 23, 2024 - 19:49
Сәуір 23, 2024 - 19:50
Алматыда ер адам баспанасын қоқысқа айналдырған
фото: almaty. tv

Алматы қаласында баспанасын қоқыс айналдырған адам көршілерінің наразылығын тудырып жатыр.

Almaty.tv-ның хабарлауынша, оның көршілері бірнеше күннен бері полицияға шағымданып, ер адамға қатысты тиісті шара қолдануды талап етуде.

Көршілерінің айтуына қарағанда, ол пәтерін қоқысқа толтырып, есікті ешкімге айшпайды. Соның кесірінен үйді түгел мерзімі өткен тағам мен қалдықтың иісі бүкіл үйді алып кеткен. Қазір жалғыз тұратын кісі пәтерін азық-түліктен бөлек, басқа да затқа аузы-мұрнынан шығарып жинаған. Пәтерден жағымсыз иіс шығып, үйдің бірінші қабатынан бастап басқа пәтерлерге тарақан қаптап жатыр. Бұл үйге полиция да келіп, жалғыз тұратын адаммен сөйлесуге тырысқан. Бірақ одан ештеңе шықпаған.

Осы үйге Әуезов аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Майлықбаев барғанда ғана пәтердің иесі есікті ашқан.

Сол кезде баспанасын қоқысқа батырған адам мәселені жүрегінің әлсіздігімен байланыстыратын айтқан. Ал психологтар «кез келген қажетсіз дүниені айналасына жинау – плюшкин синдромының айқын белгісі» дейді. Артық қоқысты жинау, яғни, олар үшін қауіпсіздік.

«Сырттан, қоғамнан қауіпсіз болуым керек. Егер бұл зат болмаса, өзімді жоғалтамын» деген ішкі наным-сенімі бар, – деді психолог Бақытгүл Манасова.

Оның айтуынша, мұндай қылық кез келген адамда пайда болуы мүмкін.

Психикалық аурудың бұл түрі көбіне жалғыздық пен күйзелістен, жақынын жоғалтудан пайда болатын көрінеді. Соңғы кезде мұндай проблема тіпті, 25-30 жастағы жастарда да жиі кездеседі.

Ал пәтерін қоқысқа айналдырған адам полиция кеткен соң, үйін сол күйі жинамай тұрып жатыр, дейді оның көршілері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow