Утиль алым бастамашылары қудаланып жатыр (ВИДЕО)

Роман Скляр мен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың үстінен арыз жаздық.

Маусым 20, 2024 - 11:24
Маусым 20, 2024 - 11:31
Утиль алым бастамашылары қудаланып жатыр (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Утиль алым төңірегіндегі дау әлі ушығып тұр. Осы орайда шетелден әкелген көлікті алғашқы тіркеу салығынан босату мәселесінің басында жүргендер өздерінің қудалауға ұшырап жатқандарын айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Құрметті бауырлар, өздеріңіз білетіндей біз Астана қаласының Полиция депортаментіне барып премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың үстінен арыз жаздық. Жазған арызымызға жауапты көп күттірген жоқ. Қорғалжың тас жолындағы Keruen City алдынан өтіп бара жатқан кезімізде өздерінің автокөліктерімен соңымыздан еріп келіп, полицияларға пәрмен беріп бізді тоқтатып жатыр. Мұның барлығын утиль алымның алғашқы тіркеу салық жарнасының жойылуына қатысты бастамамыз бен көзқарасымызға, жұмыс тобымызға көрсетіліп отырған қысым деп санаймыз", - деді әлеуметтік желіде жарияланған видео авторы.

Ал желі қолданушылары болса жігіттерді қолдайтындарын жарыса жазды. 

"Халық үшін тұрамыз", "Қолдаймыз", "Осы жігіттердің басына қауіп төнсе, біз біргеміз", "Масқара", "Алла жеңілдігін берсін", деп пікір білдіргендердің қарасы көп. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow