Екінші перзентін дүниеге әкелген Мақпал Исабекова ауруханаға түсті (фото)

Сонымен қатар өнер иесі жолдасына қатысты қауесеттерге жауап берді.

Шілде 14, 2024 - 17:10
Шілде 14, 2024 - 17:27
Екінші перзентін дүниеге әкелген Мақпал Исабекова ауруханаға түсті (фото)
Фото: makosyai инстаграм парақшасынан

Жақында ғана қызды болып, перзентханадан шыққан Мақпал Исабекова ауруханаға түсіп қалды. Өнер иесінің қан қысымы көтеріліп кеткен, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

Екінші перзентін дүниеге әкелген Мақпал Исабекова Instagram желісінде оқырмандарымен байланысқа шығып, қазіргі жағдайын айтты. Шоу-бизнес жұлдызы перзентханадан шыға салысымен ауруханаға түскен.

"Үйге оралғанымыз осы еді мен қайта ауруханаға түстім. Қан қысымым жоғарылап кеткен. Жағдай қайталанып жатыр", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар өнер иесі жолдасына қатысты қауесеттерге жауап берді. Айтуынша, отағасы бес күн бойы перзентханада қасында болған.

"Бұрынғы күйеуім" бес күн бойы перзентханада қасымда болды. Қызымызды бірінші болып сол кісінің кеудесіне басты", - деп жазды Исабекова.

Фото: makosyai инстаграм парақшасынан

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow