Қырғыз көкпаршылары: Қазылар балағаттап, полиция, арнайы жасақ сабады, ҰҚК қорқытты
Көкпардан финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы атанды. Алайда, Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршылары арасындағы ойыннан дау шықты, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Көкпардан Қырғызстан құрамасының басшысы Эрлан Абдыкапаровтың айтуынша, қазылар қырғыз көкпаршыларын балағаттап, полиция мен арнайы жасақ ойыншылары сабаған, ал ҰҚК қорқытқан.
«Әділетсіз болатыны білдік, бірақ дәл мынандай дәрежеде болады деп ойлаған жоқпыз. Қазылар бізді балағаттады, ал полиция мен арнайы жасақ біздің ойыншыларды сабады. Маған ҰҚК қызметкері келіп, куәлігін көрсетіп, суретке түсіріп алды да «халықтар арасына алауыздық» туғызып жатырсың деп қорқыта бастады. Қысым өте қатты болды. 3:1 есебімен есебімен алға шыққан соң, бізге қайта шығып ойнауды ұсынды, әділ болады деді. Екінші таймда бізді әділ бағаламады. Қазақстан тарапы осындай әділетсіздік пен ұйымдастыру ісінен қателік жібереді деп ойлаған жоқпыз. Егер оларда титтей намыс болса, мұндай жеңісті тойламайды. Біздің жігіттер барын салды. Мен үшін бұл 12 ойыншы – чемпион», – дейді Абдыкапаров.
Тағы оқыңыз: «Қазақтарда намыс жоқ екен»: Қырғыз жанкүйерлері көкпар нәтижесіне көңілдері толмай, наразылық танытып жатыр
«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысты. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түсті. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Қарлығаш Рамазанова көкпардан жеңіске жеткен Қазақстан құрамасының ойыншыларының әр қайсына 5 миллион теңгеден, ал енді көкбөріден жеңсе 10 миллион теңге сыйақы берілетінін айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?