«Достары тірідей өртеп жіберген»: Бурабайда жантүршігерлік қылмыс жасалды

Әйелді ішімдік ішу кезінде таныстары өлтірген.

Шілде 17, 2024 - 09:03
Шілде 17, 2024 - 09:42
«Достары тірідей өртеп жіберген»: Бурабайда жантүршігерлік қылмыс жасалды
фото: baq.kz

Бурабай ауданында әйелдің күйген денесі табылуына байланысты полиция түсінік берді. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде Бурабай ауданында әйелді өлтіру дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

«Жедел–іздестіру іс-шарасы барысында осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін екі күдікті анықталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Бурабай ауданы аумағындағы орман алқабынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы жарияланған болатын. Жазбада әйелді ішімдік ішу кезінде таныстары өлтіріп, артынша орманның ішіне апарып денесін өртегені айтылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow