Париж-2024: Қазақ спортшысы Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Тамыз 6, 2024 - 14:54
Тамыз 6, 2024 - 14:55
Париж-2024: Қазақ спортшысы Олимпиада ойындарынан шеттетілді
Фото: Сали Сабиров

Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Давид Ефремов Олимпиада ойындарынан шеттетілді, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ол жексенбі күні 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында жартылай финалға өте алмаған болатын. Алайда бүгін атлеттерге жарысты жалғастыруға мүмкіндік берілетін жұбаныш кезеңінде төрешілер оны сайыстан шеттету туралы шешім шығарды.

Бұған себеп – Давид фальстарт жасап, ойыннан шеттетілді. Ол жүгіру сайысын 0,209 секундқа ерте бастап қойды. 

Осылайша, отандасымыз Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады.

 Еске сала кетейік, бүгін жеңіл атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесінің ақтық сайсында бақ сынайды. Бұл бәсеке 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні сағат 00:14-те басталады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow