Майқайың алтын кенішіндегі апат: 6 адам қамауға алынды

Бұрынғы бас директор Қуаныш Ботин Екібастұздағы үйінде ұсталған.

Қыркүйек 18, 2024 - 14:16
Қыркүйек 18, 2024 - 14:16
Майқайың алтын кенішіндегі апат: 6 адам қамауға алынды
Фото: pexels.com

«Майқайыңалтын» АҚ-ның бұрынғы бас директоры Қуаныш Ботин және кәсіпорындағы өндірістік учаскелерді басқару, инженерлік құрамдағы бес адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот оларды үйқамақта ұстау немесе түрмеге жабу туралы шешім шығарады деп күтіліп отыр.

«Майқайыңалтын» АҚ-ның алтын кенішінде төрт құтқарушының өмірін қиған апатқа кінәлі тұлғалар ретінде 6 адам ұсталды. Олар — «Майқайыңалтын» АҚ-ның бұрынғы бас директоры Қуаныш Ботин және өндірістік учаскелерді басқару, инженерлік құрамдағы бес адам. Павлодар облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.

— Павлодар облысының полициясы тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде «Майқайыңалтын» АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұстап, Павлодар қалалық полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Дерек көздеріне сүйенсек, бұрынғы бас директор Қуаныш Ботин Екібастұздағы үйінде ұсталған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow