Еліміздегі 162 блогердің кірісі мен шығысындағы айырмашылық миллиард теңгеден асқан

Маусым 6, 2024 - 15:41
Маусым 6, 2024 - 15:43
Еліміздегі 162 блогердің кірісі мен шығысындағы айырмашылық миллиард теңгеден асқан

Астанада онлайн өткен конференциясында қаржы министрі Мәди Тәкиев елдегі блогерлердің кірісі мен шығысындағы айырмашылық миллиардтаған теңгеге жеткенін хабарлады. 

Оның айтуынша, министрлік оқырманы 20 мыңнан асатын 745 блогердің кіріс-шығысы зерделеп көрген. 

"Бәрін тексеру мүмкіндігі болмаған сияқты, бірақ 162 блогердің кірісі мен шығысында 1,1 млрд теңге сәйкессіздік анықталды, - деді министр.

AMF онлайн конференциясына аудиториясы 10 миллион адамды құрайтын блогерлер қатысты.

AMF төрағасы Дмитрий Малахов жиында WhatsApp, Telegram және Instagram желілерінде қазақстандықтар ақша салып, ақша жоғалтуы мүмкін 182 чатты жапқанын айтты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымованың мәліметінше, елімізде алаяқтыққа қарсы орталық құрылған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow