«Дүкенде тұрған видеоны өшіріп тастапты, кімге сенемін»: Талғарда бір топ жігіт өлтірген жасөспірімнің әкесі әділдік іздейді

Баланың әкесі жалға дүкен алып, сауда жасаған.

Қазан 8, 2024 - 19:46
«Дүкенде тұрған видеоны өшіріп тастапты, кімге сенемін»: Талғарда бір топ жігіт өлтірген жасөспірімнің әкесі әділдік іздейді
фото: видеодан скриншот

Талғарда бірнеше жігіт жабылып сабап өлтірген жасөспірімнің әкесі тергеуге сенбейтінін айтты. Оның сөзінше, дүкенде тұрған видеоны полиция алып кетіп, жойып жіберген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біздің дүкенде тұрған видеоны алады да, өшіріп тастаған. Видео жоқ дейді. Ойлаңдаршы, осы әділдік пе? Ол видеода магазинге кірген қылмыскерлер бар. Соны өшіріп тастаған. Мен сіздерге видеоны көріп, қылмыскерлердің әрқайсысын көрсете алам деймін. Енді кімге сенейін. Айтыңыздаршы. Қосыңдаршы десем, видеоны өшіріп отыр. Не үшін шықпаймын? Балам үшін шығып отырмын. Мен өлсем өліп кетейін, басқа жасөспірімдер мерт болмасын», – дейді марқұмның әкесі.

Айта кетейік, оқиға 4 қазанда болған. Баланың әкесі жалға дүкен алып, сауда жасаған. Төбелес осы дүкеннен басталған. Бір жас жігіт дүкенге келіп, бір құты сыра алып, ақшасын төлемей кете барған. Болат сыраның ақшасын төлеуді талап еткен. Арада жанжал туындаған. Болаттың інісі мен ұлы, 16 жастағы Шерзат клиенттен кетуді сұраған. Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш көлікпен бір топ жігіт келген. Арасында үш-төрт қыз да болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow