Қызылордада стоматологтың кесірінен бала мүгедек болып қалды

Тамыз 23, 2024 - 14:20
Тамыз 23, 2024 - 14:43
Қызылордада стоматологтың кесірінен бала мүгедек болып қалды

Қызылордада стоматологтың кесірінен бала мүгедек болып қалдыдеп хабарлады Halyq Uni.

Қала тұрғыны баласының тісі ауырып, орталық қалалық емхананың балалар стоматологиясына барған. Онда тіс дәрігері баланы емдеп, тісін жұлып тастаған. Емдеуден кейін келесі күні баланың жақ сүйегі ісініп, жалпы денсаулығы нашарлаған. Одан кейін балаға облыстық көпсалалы аурухананың жақ-бет бөлімшесінде «Сол жақ төменгі жақтың жедел іріңді одонтогенді флегмонасы, 7,5 тісін жұлғандағы жағдайы» диагнозымен екі рет ота жасалған.

Арада алты ай өткенде баланың жақ сүйегі қайта ісіп, іріңді жарасы жазылмағандықтан, олар Алматы қаласында ақылы негізде хирургиялық араласу арқылы ауруханада емделуге мәжбүр болған.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті ананың шағымы бойынша жүргізілген емхананы тексеру қорытындысына сәйкес, емхана тіс дәрігері кәмелетке толмаған балаға медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық диагностика және емдеу хаттамаларын сақтамаған. Оның тісін орта медициналық білімі бар стоматолог алып тастаған, емдеу алдында жақ сүйегінің рентгенографиясы объективті тексерілмей, төменгі жақтың қабыну түрінде асқыну процесі болған, – делінген іс құжаттарында.

Баланың анасы стоматологиялық емханадан өзіне келтірілген моральдық және материалдық шығынды өтеуді сұрап, сотқа талап-арызбен жүгінген. Арызында ол емхана дәрігерінің салғырттығынан және алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеуі салдарынан ауру асқынып, бала 2 жылға жуық ұйықтай алмай, дәрігерлердің қорытындысы бойынша мүгедек болып қалғанын көрсеткен.

Сондай-ақ оларға ақылы негізде үш операция жасауға, тіс емдеуге және дәрігерлерден кеңес алуға мәжбүр болғаны атап өтілген.

Сот стоматологиялық емханадан моральдық шығын мен материалдық шығын үшін 1,5 миллион теңгеден астам өтемақы өндірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow