«Ақ жемпірін мойнына орап, қысып тұрдым»: Оралда 59 жастағы мұғалімнің өліміне қатысты cотта күдіктіден жауап алынды

Қыркүйек 5, 2024 - 16:30
Қыркүйек 5, 2024 - 16:37
«Ақ жемпірін мойнына орап, қысып тұрдым»: Оралда 59 жастағы мұғалімнің өліміне қатысты cотта күдіктіден жауап алынды

Оралда мектеп мұғалімі Надежда Никитаның өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты nadezhda.kz порталына сілтеме жасап.

3 қыркүйек күні куәгерлер мен сотталушыдан жауап алынды. Күдікті әйелді басқа біреу өлтіргенін айтқан.

Көршісінің сөзінше, қайғылы оқиға болған 25 сәуір күні ол күйеуімен бірге түскі астан кейін базарға барған. Үйге қайтып келе жатып, кіреберістің жанында Надежда Никитинаның пәтеріне кіре алмай тұрған марқұмның қызын көреді. Оны кіреберіске кіргізіп, бейтаныс қызбен бірге пәтерге кірген, себебі үйдің есігі ашық болған. Айтуынша, Надежда диванда өлі күйінде табылған.

Сот отырысында күдіктіден де жауап алынды. Темір Сәрсенов марқұммен 4-5 жыл бұрын танысқанын айтты. Ол заттарын алу үшін марқұмның үйіне қайта барғанын жеткізді.

Басылымның жазуынша, Темір Сәрсенов үш рет әртүрлі куәлік беріп, біріншісінде кінәсін толық мойындаған. Келесі екеуінде кінәсін мойындап, тергеушілерге қылмысты қалай жасағанын егжей-тегжейлі айтып берген.

"Google Chrome браузерінде баптауларды жасап жатқанда, сол жағымда сөмке тұрғанын байқадым. Оның ішінде не барын түгел көрдім. Содан кейін оның атынан компьютерден Халық банкінің веб-сайты арқылы несие рәсімдеуді шештім. Сөмкесіндегі флэш-дискіні қосып, онлайн несиеге өтініш бере бастадым. Осы кезде бөлмеге Никитина кіріп, флешкасының компьютерге қосылғанын көрді. Ол айқайға басты. Мен шошып кеттім. Сосын оны жерге құлатып, оң қолыммен аузын жаптым. Ол сұқ саусағым мен бас бармағымды тістеп алды. Сосын одан сайын айқайлады. "Тимур, Тимур" деп айқайлағанда, оның тамағынан қыстым. Содан оның беті көгеріп кетті. Оның ақ жемпірін мойын аймағына орап, қысып тұрдым. Оны қанша уақыт ұстағаным есімде жоқ. Сосын оны босатқанымда адам өлтіргенімді түсіндім", – деді судья Дүйсенғалиев оқыған куәліктердің бірінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow