Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін

Шілде 5, 2024 - 10:28
Шілде 5, 2024 - 13:13
Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін

Танымал әнші Қайрат Нұртас бұзақылық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып, 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады.

«Танымал әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарып, салдарынан жолаушы Асылбек Бекқайыров зардап шекті. Ұшақ командирі полиция шақырып, төбелеске қатысқан екі азамат те полиция бөлімшесіне жеткізілді. Нұртасқа қасақана жеңіл зиян келтіру және бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттама толтырылды» делінген хабарламада.
Журналисттің айтуынша, әншіге қатысты қатал жаза қолданылуы мүмкін.

«Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі - «Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясында айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әншінің ұсталғаны туралы Otyrar хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, осы түнде Шымкентте қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас ұсталды. Полиция бұл ақпаратты әлі растаған жоқ немесе жоққа шығарған жоқ.

Ішкі істер министрлігі Қайрат Нұртастың ұсталғаны мен оған қатысты әкімшілік іс қозғалғанын растады. Іс сотқа жіберілді. 

орда.кз

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow