«Бұрынғы депутаттың ұлы»: Алматыда күзетшіні ұрып өлтірген жігітке қатысты дерек шықты

Бұл туралы журналист Михаил Козачковқа тұрғын үй тұрғындары айтқан.

Наурыз 29, 2024 - 16:13
Наурыз 29, 2024 - 16:21
«Бұрынғы депутаттың ұлы»:  Алматыда күзетшіні ұрып өлтірген жігітке қатысты дерек шықты

Алматыда күзетшіні көлігімен әдейі қағып өлтірген адам – бұрынғы депутат және прокуратурада істеген адамның ұлы. Бұл туралы журналист Михаил Козачковқа тұрғын үй тұрғындары айтқан, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Тұрғындардың сөзінше, жантүршігерлік қылмысты Асқар Тастандиев есімді тұрғын жасаған.

«Гуглдағы мәлімет бойынша, Асқар Тастандиев есімді 1979 жылы туған кәсіпкер, мемлекеттік сатып алуға қатысушы бар. Құзырлы органдағылар бұл ақпаратты әлі растамады.

Егер менің дереккөздерім қателеспеген болса, Алматыда күзетшіні өлтірген адам – бұрынғы депутат және прокуратураның қызметкері болған», - дейді журналист Михаил Козачков.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы элиталы тұрғын үйдің бірінде ауыр қылмыс болғанын хабарлаған едік. Сол үйдің тұрғыны күзетшіні бірнеше рет көлігімен әдейі соғып, артынша төпелеп ұрып тастаған.

Оқиға қаладағы "Меркур Таун" тұрғын үйінде болған. Тұрғындардың сөзінше, күзетшіге шабуыл жасаған ер адам ұзақ жылдар бойы ата-анасымен осы тұрғын үй кешенінде тұрады. Тұрғындар ер адамның нашақорлыққа шалдыққанын айтады. Сол түні ол үйіне келген. Күзетші қақпаны жаба бастағанда, джип мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып жіберген. Артынша ер адам көліктен түсіп, күзетшіні ұра бастайды. Бұл ауыр қылмыс "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінің тұрғындарының көзінше болған.

Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ер адам ауруханада көз жұмды.

"Ер адам күзетшіні джиппен бірнеше рет соғып, содан кейін көліктен түсіп, ер адамды сабап, басынан тепкен. Осыдан кейін көлігін қойып, үйіне қайтқан. Күзетшінің тамырлары жыртылып, аяғы жұлынып, өкпесі езіліп, жансақтау бөлімінде көз жұмды", - дейді үй тұрғыны.

Марқұм болған күзетшінің артында үш баласы қалды.

Бұл оқиғаға Алматы Полиция департаменті пікір білдірді. Олардың мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшінің өміріне сәйкес келмейтін дене жарақаттарын келтіріп, күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow