«Ғалам аруы» байқауына алғаш рет Сауд Арабиясының өкілі қатысады
Руми Әлькахтанидің байқауға қатысуына Сауд ханзадасы әрі тақ мұрағері Бин Салманның өзі арнайы рұқсат еткен.
Сауд Арабиясы өз тарихында алғаш рет «Әлем аруы – 2024» байқауына қатысатын болды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Әлем аруы – 2024» байқауына Сауд Арабиясы модель әрі блогер Руми Әлькахтани есімді бойжеткен қатыспақ. 27 жастағы Руми әль-Кахтанидің байқауға қатысуына Саудия ханзадасы әрі тақ мұрағері Бин Салманның өзі арнайы рұқсат еткен.
Байқау Мексикада өтеді.
Әрине, батыс елдері Бин Салманның бұл шешімін қуана қолдап жатыр. Жас ханзаданың соңғы жылдары адам құқығын жақсартуға қатысты бірқатар оң өзгерістер жасағанын атап өтті. Оның басым көпшілігі әйел құқығына қатысты екенін айта кету керек
"Мен үшін «Ғалам аруы 2024» байқауына қатысу үлкен абырой, - деп жазған әл-Кахтани Instagram парақшасында.
әл-Кахтани бұған дейін корольдіктің атынан «Таяу Шығыс аруы», «Ғаламшар аруы» байқауларына қатысқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?