Бүгін Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтеді

Сот отырысын қазақстандықтар тікелей эфир арқылы көре алады.

Маусым 26, 2024 - 09:20
Маусым 26, 2024 - 09:21
Бүгін Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтеді
Фото: ҚР Жоғарғы соты

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ертең, 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді. Бұл туралы Жоғарға соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың және «Хабар» агенттігінің YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Еске сала кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow