Халықаралық қылмыстық сот Шойгу мен Герасимовты тұтқындауға ордер берді
Халықаралық қылмыстық сот (ICC) Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Бас штаб басшысы Валерий Герасимовты Украинадағы азаматтық нысандар мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады деген айыппен қамауға алуға ордер берді.
Сот мәлімдемесінде Шойгу мен Герасимовқа тағылған айыптар 2022 жылдың қазанынан кем дегенде 2023 жылдың 9 наурызына дейін болған оқиғаларға қатысты екені айтылған.
ICC судьялары оларды әскери қылмыстар мен Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына зымырандық шабуыл жасап, адамзатқа қарсы қылмысқа барды деп айыптады.
Халықаралық қылмыстық сот мұндай шабуылдар әскери қылмыс ретінде қарастырылатын Украинаның бейбіт тұрғындарына қарсы бағытталған деп санайды.
Айта кетейік, халықаралық қылмыстық сот 2023 жылдың 17 наурызында Ресей президенті Владимир Путинді, сондай-ақ балалар істері жөніндегі комиссар Мария Львова-Белованы украиндық балаларды депортациялады деп айыптап, қамауға алуға халықаралық ордер берген болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?