Атырауда мұнай өңдеу зауытының басшылығы тергеліп жатыр

Ақпан 28, 2024 - 13:24
Ақпан 28, 2024 - 13:34
Атырауда мұнай өңдеу зауытының басшылығы тергеліп жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Агенттіктің облыстық департаменті прокуратураның үйлестіруімен мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Зауыттың басшылығына айып тағылып отыр.

Айта кетсек, бұған дейін зауыттың бас инженері әлеуметтік желіде видео жариялап, жаңадан тағайындалған бас директордың әрекетіне арызданған болатын. Сол сәтте ол қаржы жымқыру фактілері болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бас директор Ғалымжан Жусанбаев видео жазып, бірнеше қызметкерге қатысты қылмыстық істің қозғалғанын айтқан. Осы оқиғадан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы арнайы комиссия жіберді. Тексеріс нәтижесінде екеуін де жұмыстан шығарып жіберді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow