Бұдан бұлай бағдаршамның сары түсіне өткен жүргізушілер жауапқа тартылады

Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған.

Наурыз 5, 2024 - 09:47
Наурыз 5, 2024 - 11:37
Бұдан бұлай бағдаршамның сары түсіне өткен жүргізушілер жауапқа тартылады
Фото: Pixabay.com

Елорда полициясы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салынғандығы туралы ескертеді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғалары көбіне бағдаршамның сары түсі жанып тұрған сәтте өту кезінде болады.

«Бұл ретте жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналы шығатынын ескертеді», делінген хабарламада.

Мұндай заңбұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады.

«Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан аса оқиға тіркелді. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары) өтуі, оның ішінде сары сигналына өткені үшін болған. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow