Бишімбаев сот отырысына келмей қойды

Сондықтан, сот отырысы сағат 14.30-ға ауыстырылды.

Сәуір 29, 2024 - 10:50
Сәуір 29, 2024 - 10:51
Бишімбаев сот отырысына келмей қойды
Фото: Жоғарғы сот

Бүгін Бишімбаев ісі бойынша сағат 10.00-де өтуі тиіс жарыссөз түстен кейінге шегерілді, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Сот залына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов келмеген. Дәлірек айтсақ, солар сот отырысына кешігіп қалған.

«Сотталушыны сот залына шамамен сағат 11.00 кезінде әкеледі. Оны жеткізіп, залға кіргізгенге дейін сағат 12.00 болады. Біз түскі сағат 13.00-де түскі үзіліске кетуіміз керек. Сондықтан, сот отырысы сағат 14.30-ға ауыстырылды», - деді судья Айжан Құлбаева.

Сотталушылар айдауыл қызметіндегі кейбір ақауларға байланысты сотқа келмеді.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow