«Бірінші некеден болса да»: Раим Ерке Есмаханның ұлын сахнаға алып шықты

Қараша 6, 2024 - 16:12
Қараша 6, 2024 - 16:52
«Бірінші некеден болса да»: Раим Ерке Есмаханның ұлын сахнаға алып шықты
Алматыда концерт берген Raim лақап атымен танымал әнші Райымбек Бақтыгерев ерекше әрекетімен елдің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Ол жұбайы Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған ұлы Мүслімді сахнаға алып шықты.
 
«Біздің үлкен ұл - Мүслім. Қошемет көрсетіңіздер», - деп таныстырды Раим кеш барысында.
 
«Әкесінің көмекшісі, жарайсың», «Бірінші некеден болса да, туған баласындай қарайды, нағыз азамат!», «Өзгенің баласы түгіл өз баласын да бақпай жүргендер бар» - деп жазды көпшілік.
 
Әншінің жары Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасына күйеуі мен балаларының суретін салып, «Екі ұлы сәттілік тілеп тұр. Аллаға сансыз шүкір», - деп жазды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow