Әлем елдерінің басшылары Трампты жеңісімен құттықтап жатыр
Әлем елдерінің басшылары Дональд Трампты жеңісімен құттықтай бастады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Алғашқылардың бірі болып Украина президенті Владимир Зеленский құттықтаған.
«Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трампты «тамсанарлық жеңісімен» жеңісімен құттықтап, қыркүйектегі кездесуін еске алды» деп жазады Азаттық радиосы.
«Мен президент Трамптың ғаламдық мәселелерде «бейбітшілікті күшпен орнату» тәсілін бағалаймын. Дәл осы қағида Украинадағы бейбітшілікті іс жүзінде жақындата алады. Біз оны бірге жүзеге асырамыз деп үміттенемін» деп жазған Зеленский.
Congratulations to @realDonaldTrump on his impressive election victory!
I recall our great meeting with President Trump back in September, when we discussed in detail the Ukraine-U.S. strategic partnership, the Victory Plan, and ways to put an end to Russian aggression against… — Volodymyr Zelenskyy / Володимир Зеленський (@ZelenskyyUa) November 6, 2024
Сол секілді Грузия президенті де Саломе Зурабишвили Дональд Трампты жеңісімен құттықтап үлгерген.
«Құрметті президент, жеңісіңіз құтты болсын! "Стратегиялық әріптестеріңіз әрі 33 жылдан бергі достарыңыз" қазір Еуро-Атлантика интеграциясына, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа және біздің еркіндігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғауға бұрынғыдан да қатты мұқтаж», - деп жазды ол Х-тегі парақшасында.
Трампты құттықтаушылар қатарына Румыния президенті қосылды
"Сайланған президент Дональд Трампты жеңісімен құттықтаймын. Румыния – АҚШ-тың қуатты әрі адал стратегиялық одақтасы. Румын-АҚШ ортақ қимылдарымыз арқылы осы екі елдің ішінде және сыртта ортақ мүдделерімізді қорғай отырып, бейбітшілік пен өркендеуге қол жеткіземіз" деді Румыния президенті Клаус Йоханнис.
Бір қызығы, Трампты сенімді серігі Путин құттықтамаған. Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин Трампты құттықтамайды.
«АҚШ – Ресейге қарсы соғысқа араласып отырған дос емес мемлекет деді. Оның айтуынша, Владимир Путин Трампты құттықтамайды», - деп атап өткен ол.
Дәл қазір Дональд Трампты жеңісімен құттықтағандар:
• Сальвадор президенті Найиб Букеле,
• Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан,
• Австрия канцлері Карл Нехаммер
• Сербия президенті Александр Вучич
• Франция президенті Эммануэль Макрон
• Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху
• Украина президенті Владимир Зеленский
• Грузия президенті Саломе Зурабишвили
• Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер.
Бұған дейін Дональд Трамп Флоридадағы штабында жұрт алдына шығып, президент сайлауында жеңіске жеткенін жариялады. Ол "Бұл - Америка халқы үшін ғажап жеңіс. Американы, шекараны реттейміз" деп мәлімдеді.
Дегенмен сарапшылар Демократиялық партия өкілі Камала Харристің де жеңістен үміті бар екенін айтқан еді. Алайда Харрис 224 дауысы жинап, қарсыласына жол берді.
Ал Трамп 277 дауыс жинап үлгерді.
Ескерту: Материалға Азаттық радиосының деректері пайдаланылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?