«Лудоман болған»: Түркістан тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол салды
Отбасылық дау ойранға айналды. Сайрам ауданында ерлі-зайыптылар арасында орын алған жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласты. Күйеуі әйеліне пышақ салмақ болып ұмтылғанда суық қару мойнына тиген. Кейіннен өзіне бірнеше рет пышақ сұққан, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.
Көлікпен Асар шағынауданына дейін қансырап жеткен ерлі-зайыптыны «Арлан» арнайы жасағы қуып, арнайы белгі беріп, әзер тоқтатқан. Жараланғандарды 2 Жедел жәрдем көлігі келіп, алып кеткен.
Дәл қазіргі уақытта 1989 жылы туылған ер адам ауруханада ауыр халде жатыр. Оған бас ми суйегінің жабық жарақаты, бас ми шайқалуы, бас төбе бөлімі кесілген жарақаты, іш аймағының ашык енген кесілген жарақаты. Сол жақ сан ортан бөлігі жарақаты диагнозы қойылған.
Ұзамай қанды оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді. Белгілі болғандай, әйел мен ер адам 2021 жылы заңды түрде ажырасқан. Күдікті еркек лудоман болған.
Полицияның айтуынша, 19 наурызда 102 пультіне отбасылық жанжал бойынша қоңырау түскен. Ер адамның айтуынша, қызы мен оның 2021 жылы ажырасып кеткен күйеу баласы жанжалдасып, оқиға кезінде ол пышақпен қызын қорқытып, кепілге алған. Содан Шевролет автокөлігімен Батыс Қытай- Батыс Еуропа трассасына өзінің тұрғылықты жері Қызылорда облысына қарай бағыт алып, өлтіремін деп қорқытып алып кеткен. Күдікті өзін қудаламауды және жауапқа тартпауды талап еткен.
Аталған хабарламаны ала салысымен кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрып, «Арлан» арнайы жасақ күшімен Асар шағын ауданының маңында күдікті құрықталды. Кепілге алынған жәбірленуші босатылды.
Полиция мәліметінше, қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
«Күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болған. 3 баласы бар, 2021 жылдан бастап олар ажырасқан. Күдікті бұрын екі рет сотталған. Лудоманиямен ауырады. Ол қамауға алынды» деп мәлімдеді полициядан.
Сіздің реакцияңыз қандай?