Бір ғалым айтты екен деп уақыт белдеуін өзгерту кімге пайда беруде?
Бір билікке сөзі өтетін уақыт өлшегіш ғұлаМа-ғалым айтты, болды (ма?!). Қазақ Еліндегі адамдар да күн атқанда оянып, күн батқанда ұйқыға жатуы керек еді.
Уақыт белдеуі талай ой салды.
Ұйқы бұзылды, ұйқы азайды...
Кез келген Мемлекетте (өркениетті мемлекетте) уақыт белдеуі ауысуы үшін бірқатар маңызды органдардың мақұлдауы мен үйлесімді шешімдері қажет.
Бұл процесс төмендегідей органдар мен тұлғалардың келісімімен жүзеге асады:
Уақыт белдеуі ауысуы үшін алдымен үкімет немесе парламент деңгейінде шешім қабылданады. Әдетте, бұл мәселе арнайы заңнамалық акт немесе нормативтік құжат арқылы бекітіледі. Жергілікті әкімшіліктер халықты хабарландырып, дайындық жұмыстарын жүргізеді.
Ұшақтар, пойыздар, автобустар және басқа да қоғамдық көлік түрлерінің кестесі жаңа уақыт белдеуіне сәйкес өзгертіледі. Әсіресе халықаралық рейстерге әсері көбірек, себебі олар әр елдің уақыт белдеулерімен үйлестіріледі.
Мектептер, университеттер және денсаулық сақтау мекемелері сабақ және жұмыс кестелерін жаңа уақытқа бейімдейді.
Банктер, сауда алаңдары және төлем жүйелері жаңа уақыт белдеуіне өтеді. Халықаралық транзакциялар үшін уақыт синхронизациясы маңызды болғандықтан, бұл процесс ерекше назарда болады.
Интернет провайдерлері мен телекоммуникация компаниялары қызмет көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз етe үшін кестелерін жаңа кестеге ауыстырады. Компьютерлер жаңа уақыт белдеуіне ауыстырылады.
Ал бізде қалай? Бір билікке сөзі өтетін уақыт өлшегіш ғұлаМа-ғалым айтты, болды (ма?!). Қазақ Еліндегі адамдар да күн атқанда оянып, күн батқанда ұйқыға жатуы керек еді.
Қазаққа телевизор келгелі, күндіз орыс контентін, түнде қазақ контентін беріп, қазақ мүддесіне бейғам қарап үйренген билік тағы да немқұрайлылық танытқан ба дерсің?!
Уақыт белдеуін ауыстыру үшін қаншама қаражат кетті
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінде отырған 98 депутаты сайланған өңірлерінен уақыт белдеуі ауыспас бұрын сауалнама жүргізіп немесе қандай да бір байланысқа түспеген екен-ау. Әлде өзгерістер Парламент Мәжілісін айналып өте ме?
Әр сұрақтың шешімі бар, бірақ билік құлақ аспайды.
Белгілі ұстаз Ақмарал Шатемірқызының Facebook парақшасынан
Сіздің реакцияңыз қандай?