«Әкем үйге кіргізбеді»: Мөлдір Әуелбекова ажырасқан кезін еске алып, жан сырын ақтарды

Қараша 11, 2024 - 15:14
«Әкем үйге кіргізбеді»: Мөлдір Әуелбекова ажырасқан кезін еске алып, жан сырын ақтарды
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бірінші некесі туралы сыр шертіп, көпшілік білмейтін жайтты ақтарды. Өнер иесі жолдасымен келісе алмай, одан кетпек болған кезде әкесі оны үйге кіргізбей қойғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова отбасылық өмірі туралы жан сырын Дина Төлепбергеннің «Din Dina Show» бағдарламасында ақтарды. Әнші бірінші некесі неге сәтсіз аяқталғанын айтып, әкесінің даналығын ерекше атап өтті.

«Қайтып келген қыз жаман» деген жағдайға байланысты деп ойлаймын. Бірінші некемде түсініспеушіліктер болған кезде Алматыға жұмыс сапарымен келдім. Ол кезде ата-анам Алматыда, біз Астанада тұрамыз. Бізде сол кезде баламның әкесімен жанжал үдеп кетті. Сол кезде үйдегілерге «Мен кетемін, осы жерде қаламын» дедім. Әкем «Жоқ, бұл жерде қалмайсың» деп мені үйге кіргізбей, қайтарып жіберген.

Бірақ қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінгенде бәрі жақсы болар ма еді. Олар «Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман» деп мені кінәлады. Содан кейін бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады», — деді Мөлдір Әуелбекова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow