«Қойларды ұрықтандырамын»: Ұйғыр ауданында жалған ақпарат берген адам 6 жылға сотталды
Алматы облысы Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы 50 млн теңге субсидия алып, оны өз пайдасына жаратқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның үстіне, субсидия аларда ол аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы жалған ақпарат ұсынған.
«Қаржылық мониторинг агенттігі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқыру және заңдастыру дерегін анықтаған. Сотқа дейінгі тергеу анықтағандай, 2023 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы шындыққа жанаспайтын ақпаратты қолдана отырып 50 млн теңге субсидия алған. Бұнымен тоқтамай, кооператив төрағасы өзінің қылмыстық табысын көбейту және заңдастыру мақсатында субсиялау талаптарын ескермей, түскен мемлекет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитына аударып, түскен пайданы өз қажетіне жаратқан», - деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?