Шымкенттегі балаларына зәр ішкізіп қорлаған әке осыдан 10 жыл бұрын әйелін өлтірген

Ұйықтар алдында қасынбау үшін қол-аяқтарын байлап қойған.

Маусым 4, 2024 - 19:07
Маусым 4, 2024 - 20:01
Шымкенттегі балаларына зәр ішкізіп қорлаған әке осыдан 10 жыл бұрын әйелін өлтірген
фото: әлеуметтік желіден

Балаларды байлап, жарты жыл бойы суға шомылдырмаған шымкенттік халық емшісінің 10 жыл бұрын әйелін өлтіргені анықталды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Шымкенттік отбасылардың бірі бала асырап алып, оларды түрлі жолмен азаптаған. Өгей әке асыранды балаларды бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған. Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннет Жазықбаева қоғамда наразылық тудырған оқиғаға қатысты біраз жайтпен бөлісті.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар 2021 жылы өз балалары болмағандықтан, 6 баланы асырап алған. Балалардың әр қайсы әртүрлі балалар үйінен. Үлкені Шымкенттен, қалғандары Астана, Алматы, Өскеменнен алынған.

Жаннет Жазықбаеваның айтуынша, оқушы бірнеше ай бойы қорқып, көмек сұраған. Мұны естіген директор қалалық білім бөліміне хабарлаған.

Ал, басқармадағы қорғаншылық қызметінің мамандары уақыт тапшылығына байланысты араша түсетін адам таппаған. Жазықбаева ақпан айында балалар туралы елең еткізетін фактілерді білген бойда білім бөліміне хабарласып, мектеп директорын құлағдар етеді. Арнайы комиссия құрылып, барлығы балалар үйіне жіберілді.

Арнайы комиссияның анықтауынша, тоңазытқышта балалардың тамағы, тіпті сүт, айран жоқ екенін анықтады. Үлкен баласының айтуынша, әкесі оларды ит пен мысықтың етімен тамақтандырған. Үйдегі шағын пештің жанынан арқандар табылған. Балалардың айтуынша, емші ұйықтар алдында қасынбау үшін қол-аяқтарын байлап қоятын болған. Сонымен қатар, сиқыршы оны сүндетке отырғызып, зәр ішуге мәжбүрлеген. Омбудсменнің ықпалымен қазір балалардың жағдайы жақсы, олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow