Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккендердің атына несие рәсімдеуде
Алаяқтардың су тасқынынан зардап шеккендердің атын жамылып, несие рәсімдей бастағандығы туралы ескертулер жиілеп кетті.
Полицияның хабарлауыншай, алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен адамдарға мемлекеттен жасалатын төлемді жібереміз деген сылтауымен қоңырау шала бастаған. Алаяқтар өздерін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе еріктілер деп таныстырады және телефондарына келген SMS-кодты айтуларын сұрайды. Мұндай фактілер туралы Қазақстанның бірнеше өңірінде тіркелген.
"Олардың құрығына түсіп қалмауды өтінеміз. SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыздар, бейтаныс нөмірлерден түскен бейне қоңырауларға жауап бермеңіздер", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?