Қытайдағы зілзаланың дүмпулері Алматыда сезілді
Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында болған қатты жер сілкінісінің дүмпулері Алматыда сезілді, деп хабарлайды sadaqmedia.
Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 19 желтоқсан күні таңғы сағат 07:44-те Алматы қаласында 2 балдық жер сілкінісін тіркеген.
Бұған дейін ҚазАқпарат агенттігі хабарлағандай, Қытайдағы 6 балдық жер сілкінісінен кем дегенде 86 адам қаза тапқан. Ал, соңғы деректер бойынша қаза тапқандар саны 110 адамнан асқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?