«Бір адам көз жұмды»: Бокстан ұлттық құрама жаттықтырушысын атып кетті

Жуырда ғана қамаудан шыққан бұрынғы төреші Мұқаш Ырсалиев Жылдызбектен кек алу үшін келген.

Қазан 11, 2024 - 15:35
«Бір адам көз жұмды»: Бокстан ұлттық құрама жаттықтырушысын атып кетті

Қырғызстанда ұлттық құрама жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиев пен оның көмекшісіне оқ тиіп, жарақат алды. Шабуылдаушы оқиға орнында қаза болды. 

Қырғызстан ІІМ-нің мәліметінше, оқиға кеше, 10 қазан күні болған. Жуырда ғана қамаудан шыққан бұрынғы төреші Мұқаш Ырсалиев Жылдызбектен кек алу үшін келген. Олардың арасында бапкерімен қаржылай келіспеушілік болған.Жылдызбектің арызымен Мұқаш Ырсалиев қамауға алынған. 

Залдағы кездесу кезінде Мұқаш «Сайга» қаруымен жаттықтырушы мен көмекшісіне оқ атқан. Жанталасқан сәттегі қарбаласта шабуылдаушы Мұқашқа оқ тиіп, оқиға орнында қаза тапқан. Бастапқыда Қырғызстанның ақпарат құралдары жаттықтырушы Жылдызбек Ниязалиевтің қайтыс болғаны жайлы жазған. Кейіннен жансақтау бөлімінде жатқаны айтылды

Orda.kz. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow