Қазақстан мен Қырғызстан жүргізушілері жаппай төбелесе кетті
Оған кейбір жүргізушілердің шекарада кезекті сақтамауы себеп болған.
Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде Қазақстан мен Қырғызстаннан келген жүк көліктерінің жүргізушілері арасында жаппай төбелес болды.
«Менің қалам» басылымының мәліметінше, 1 қазанға қараған түні жүргізушілер өткізу пунктінде жанжал шығарған. Қақтығысқа кейбір жүргізушілердің шекарадан өту кезінде кезекті сақтамауы себеп болған.
Бұл ақпаратты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«30 қыркүйекте Самара-Шымкент тасжолында кезек сақталмауына байланысты жүк көліктерінің жүргізушілері арасында болған жанжалға қатысты тергеу басталды», - делінген облыстық ПД мәлімдемесінде. Қазір іс «Бұзақылық» бабы бойынша қаралып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?